Мәдениет

«Отбасы-бақыт мекені»

Өткен аптада отбасы күніне орай «Тәуелдіктің 20 жылдығына орай мәдениет және демалыс орталығында» «Отбасы – бақыт бесігі» атты үлгілі отбасылармен кездесу кеші өтті. Кешке отасқандарына алды алпыс жылға таяған Жұмановтар мен өнегелі, өнерлі, көпбалалы Ешпанов, Бисебаевтар, соңы күні кеше шаңырақ көтерген Әділхановтармен мектеп жастары шақырылды. Кездесуге жас отбасылар- Ұрпақтар сабақтастығымен үндескен кездесу барысында өнегелі отбасылар өз өмір тәжірибелерінен түйгенін айтса, жастар кешті әнмен әрледі. Шара барысында отасқандарына 60 жылға жуықтаған Амангелді ағай мен Тыным апай Жұмановтар ақыл-кеңестерін берсе, өнерлі Боранбай ағай мен Гүлмира Ешпановтар ерте отбасын кұрудың кемшін тұстары туралы пікірлерін білдіріп, өнерлерін ортаға салды. Көпбалалы, жас отбасылар ситуациялық жағдайлардың амалдарын орындап, өнерпаздар мерекелік көңіл-күй сыйлады. Аудандық емхананың салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің психолог дәрігері А.Майлыбаева жас отбасыларға, жастарға медициналық ақпарат берді. Шара соңында кеш қонақтарына мерекелік сыйлықтар табысталды.

Басқа жаңалықтар