Спорт

Бекзат – әлемнің күміс жүлдегері

Қазан айының 10-14 аралығында Өзбекстан мемлекеті, Ташкент қала-сында самбо күресінен Әлем чем-пионаты өткен болатын. Осы жарыс-қа ауданымыздың емес, облысы-мыздың мақтанышы, талай жарыс-тар да топ жарып жүрген жас палуан Бекзат Мұханбетов қатысты.
48 кг салмақ дәрежесінде кілемге шыққан Бекзат өзінің ептілігінің арқасында осы жарыста күміс жүл-деге ие болды. Бұған дейін де Бекзат талай жарыстарда бақ сынап, өзінің шеберлігімен, күш жігерімен көзге түсіп үлгерген еді. Мұндай сенімге ол оңайлықпен жеткен жоқ. Өзінің жеке бапкері Тимур Қалниязовтың айлап танымсыз тер төкті. Аз ғана уақыт ішінде талай жеңістерге жеткен жас палуанымыз халықтың қошеметіне бөленіп, күллі қазақ елінің мақта-нышына айналды. Біз Бекзатқа алда талай биіктерден көрініп, ел мақ-танышы болып, көк туымызды жел-біретіп жүре бер дейміз.

 Асел Сисенова,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар