Әлеумет

Әлеуметтік қызметкерлер күні

Жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісі Әлеуметтік қызметкерлер күні. Бұл жалғыз басты қарттарға, мүгедек балалардың және басқа да азаматтардың мұң-мұқтажына бей-жай қарай алмайтын мейірбан жандардың мерекесі. Осы саланы абыроймен алып жүрген, өз жұмысына шын ықыласпен кірісетін жандар еңбек етуде. Әлеуметтік қызметкерлер күні Қазақстанда Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан  Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына өзгеріс енгізу туралы № 164 Жарлығы негізінде аталып өтіледі. Әлеуметтік қызметкерлер күні — бұл адамдардың мәселелерін өздеріне бірінші қабылдайтын және осы мәселелерді өз мүмкіндігіне қарай шешуге көмектесетін жандар. Жыл сайын қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күні болып аталады. Осы орайда ауданымызда 423 мүмкіндігі  шектеулі азаматтарға 12750,0 мың теңге көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Қатерлі ауруларға шалдыққан 60 адамға 6855,3 мың теңге тағайындалып төленді. Сонымен қатар ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау бойынша 1300 өтініш түсіп, 1088 өтініш берушілерге 5 АЕК мөлшерінде 13744,0 мың теңге төленді. 18 мүмкіндігі шектеулі жандарға протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу бойынша 18 жолдама берілді. Міне осы жасалып жатқан жұмыстар біздің әлеуметтік қызметкерлеріміздің мұқтаж жандарға жасап жатқан бірден бір игі ісі десек болады. Бүгін аудандық жұмыс пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде аудан әкімі Асқар Қазыбаев ауданның әлеуметтік қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.

Әсел СИСЕНОВА,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар