Әлеумет
«Жомарт жүрек» жерлестер қандай құрметке де лайық
Еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ қоғамының мәдени, рухани құндылықтары жайында көп ойлар айтылған еді. Атамекенді аялауды парызы санайтын азаматтардың қоғамның ілгеріленуіне қосқан үлесі де көп. Олар қандай құрметке де лайық. Елімізде көптеген азаматтар өзі туып өскен, кіндік қаны тамған жерге аянбай тер төгіп жатқанын аңғарамыз. Сондай азаматтар біздің ауданымызда көптеп кездеседі.
Жырда аудандық мәдениет үйінде «Туған жер, еш нәрсе жоқ сеннен ыстық. Өйткені сенде туып, сенде өстік» — атты жерлестермен кездесу кеші өтті. Айта кетсек Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемле-кеттік университетінің профессоры, филиолог ғылыидарының кандидаты-Абат Пангереев. Облыстық балалар клиникалық ауруханасының дәрігер-хирургі — Болат Медетбаев. «Ойыл ынталы тобының» төрағасы, белгілі баспагер Нұрлан Жұмағалиев және Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің хирургия кафедра-сының жетекшісі,медицина ғылым-дарының докторы Базылбек Жакиев. Міне осындай біздің атақты, ауданы-мыздың мақтаныштары өздерінің туған жері Ойыл өңіріне келіп, халқы-мен жүздесуді жөн көріпті. Мәселен, дәрігер ағалар осы уақытқа дейін ел игілігі үшін, өз елінің мақтанышы ретінде аянбай тер төгіп, өздері жырақта жүрсе де елінің, халқының қамын ойлап, бір кездері ауданы-мызға келіп тегін оталар жасап, көптеген сәбилеріміздің өміріне араша түсті.
Кездесу барысында әрқайсысы өз мамандықтарының қыр-сырымен бөлісіп, осы мамандарға қатысты халықтың көкейінде жүрген сұрақ-тарға жауап берді.
Кеш соңында аудан әкімінің орын-басары Мұратбай Айдарбаев бүгінгі келген қонақтарымызға шын жүрек-тен ризашылығын білдіріп және ел ағаларын «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ауданға жасаған еңбектері үшін «Жомарт жүрек» номинациясымен марапаттап, бүгінгі таңда ел игілігі үшін аянбай тер төгіп жүрген азаматтар құрметіне арнап арнайы шапан кигізіп, сый-сыяпаттар табыс етті.
Әсел СИСЕНОВА,
Ойыл селосы.