Әкімдік

Әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Ол – тек осы сала мамандарының ғана қолынан келетін іс. Сондықтан, әлеуметтік қызметкер болу оңай емес. Оған тек үлкен жүрек иелері ғана бара алады. Олар жан жылуын сыйлап, шамаларынша кез-келген жәрдемін жасайды. Сондықтан, көмекке мұқтаж жандар мен әлеуметтік сала өкілдерінің өзара байланысы да бекем, мерекелері де мазмұндас.
Қамқорлық көрсету, әуелі, әлеуметтік қорғау мекемелерінің мінсіз қызметі арқылы орындалады. Жәрдемақы мен төлемдердің және қызметтердің әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға бағытталып, мұқтаж азаматтарға тепе-тең әрі әділ түрде бөлініп, жаппай қамтылуы — аталмыш жүйе жұмысының жемісі. Бұл ретте, сол салада сан жылдар бойы қызмет етіп жүрген жандардың еңбегі ерен.
Осы орайда, әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, Ойыл аудандық әкімдігінде өткен кездесуде аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы алғыс хатпен әлеуметтік саланың үздік мамандарын табанды еңбектері үшін марапаттап, құттықтады.

Басқа жаңалықтар