ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
КҰРБАН айт мерекесін калай атап өтеміз?
Құрбан айт-мұсылмандардың Ұлық мерекесі. Ол күні Алла разылығы үшін мал шалынып, ақ түйенің қарны жарылады. Қажылық өтеушілер қағбаға жүзін қаратып, Арафатта жалбарынып дұға оқиды. Құрбан араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауапты істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Құран кәрімде Кәусар сүресі 3 аятта «намаз оқы, және құрбан шал»-деп бұйрық келген. Пайғамбар хадисінде «Адам баласы құрбан айт күні Алла Тағалаға құрбан шалып қан ағызудан да сүйікті басқа іспен жақындаған емес».
Құрбандық шалу-тек мал бауыздау емес, онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сынға түседі Мұсылман адам қара бастың қамын ғана ойламауы тиіс. «Өзіңе деген жақсылықты басқаға да тілемейінше, шынайы мұсылман бола алмайсың» деген хадисте.
Айт намазын оқығаннан кейін, құрбан шалып, етін тиісті адамдарға таратады. Айт күні көрші-қолаң, туыс туғанды қыдырыстап, «Айт құтты болсын» — деп көтеріңкі көңіл-күйде, жылы жүзді ренжіскен кісілер қайта табысып, ауырып қалған адамдардың көңілін сұрап, мұң-мұқтаждарға қол үшін беріп, сый-сияпат жасап ерекше өткізуге болады.
Айт намазы маусым айының 16 күні сағат таңғы 6:30да оқылады.
Аллах Тағала шалатын құрбандықтарымызды ниеттерімізді қабыл етсін.
Ойыл аудандық орталық мешітінің имамы
Майлыбаев Н.А