ӘкімдікБасты тақырып
Бюро отырысы өткізілді
Аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының төрағасы Асқар Қазыбаевтың төрағалығымен аудандық Саяси кеңес Бюросының отырысы өткізілді.
Күн тәртібіндегі бірқатар сұрақтар бойынша Бюро мүшелерінің дауыс беруімен құжаттар, кестелер бекітілді. Атап айтсақ, Партияның Сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша аумақтық қоғамдық кеңестердің төрағалары, құрамдары және ережелері бекітіліп, алдағы мақсаттары анықталды.
Партияның Саяси кеңес Бюросының шешімімен таратылған партиялық кураторлар институтының орнына, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының нақты бағыттарының іске асырылуын бақылау бойынша 14 республикалық қоғамдық кеңес құрылса, ауданымызда 9 қоғамдық кеңес құрылды.
Қоғамдық кеңес ең алдымен электоралдық міндеттемелердің орындалуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, өзекті бағыттардың қатарында мемлекеттік органдардың азаматтардың өтініштеріне тиянақты қарап, сапалы жұмыс істеуіне, бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігіне мониторинг жүргізу сияқты мәселелерді өз бақылауына алады.
— Ойыл ауданы бойынша 9 қоғамдық кеңес құрылды. Бұл Кеңестер азаматтық қоғамның белсенді бөлігіне өзекті тақырыптарды талқылау үшін сарапшылық және диалог алаңын ұсынуы қажет. Кеңес құрамы жаңартылып, ауданымызда түрлі саяси-қоғамдық, әлеуметтік жұмыстарға белсене атсалысып, үн қосып жүрген жастарға басымдық берілуі тиіс, — деді аудан әкімі Асқар Қазыбаев.
Сонымен қатар, Бюро отырысында бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстарының кестесі және «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының кезекті ХL есеп беру-сайлау конференциясын шақыру туралы мәселелер де қаралды.
Венера Асқарқызы,
«Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы, Консультанты.