ӘкімдікБасты тақырып

Қос қабатты үйлердің құрылысы қызу жүріп жатыр

Әр түйір құмы тарихтан сыр шертетін Ойыл өлкесі, облыстың бір бүйірінде жатқан шалғай аудандардың бірі. Тәуелсіздік жылдарында білім ошақтары сынды әлеуметтік нысандар бой түзеп келеді. Ауылдық округтер мен шағын елді мекендердің өзінде құрылыс жұмыстарының ілгері даму лебі байқалады. Ерекше атап өтетін жайт Тәуелсіздік таңындағы 30 жылдың ішінде биыл ауданымызда алғаш рет екі қабатты үйлер салынуда. Осы орайда бүгін тамыз айының екінші жексенбісі құрылысшылар күні қарсаңында аудан әкімі Асқар Қазыбаев құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатқан екі қабатты екі үйдің құрылыс жұмыстарын аралап, ондағы құрылысшыларды төл мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар бірқатар құрылысшыларға арнайы алғыс хатын табыстады. Марапат алған құрылысшылардың арасында ардагер құрылысшылар мен бұл салаға енді ғана қадам басқан жастар да бар. Айта кетсек, қазіргі таңда аудан орталығында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар жетерлік. Бұл көрсеткіш жыл сайын дара үй салғаннан тұрғын үй кезегін азайтпайды. Сондықтан осы жайтты сараптап қараған жергілікті билік өкілдері екі қабатты көп пәтерлі үй салуды тиімді деп отыр. Расында екі қабатты 4 үйдің құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, тапсырылса бұл көптеген адамның баспаналы болуына мол мүмкіндік бермек. Сондықтан аудан әкімі Асқар Қазыбаев құрылысшыларға жұмысты сапалы әрі жылдам жасауға ұсыныс жасады. Сондықтан жұмысты тезірек жасау үшін қаражат жағынан ешқандай проблема жоқтығын да жасырмады. Бүгінгі қоғамда алатын өзіндік орны бар мәртебелі мамандық иелерінің орны айрықша. Демек, ауданымызда бой түзеп, пайдалануға берілген әрбір ғимаратта ойылдық құрылысшылардың қолтаңбасы жатыр. Адамзат өркениетінің бастауында тұрған мамандық иелерін төл мерекелерімен құттықтаймыз!

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар