Әлеумет

Жеті балаға жаңа жылдық сыйлық

Жаңа жыл мерекесі — әлемдегі қуанышқа толы ғажайып мерекелердің бірі. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі бүлдіршіндер аппақ қардай көңілімен Аяз атадан сыйлық күтеді. Ойыл ауданының жекелеген оқушылары да Президент сыйлығын алып, Жаңа жылға деген үмітпен шын балалық ықылас қуаныштарын білдірді.
Ауданымыздың мектеп қабырғасында білім алып жатқан үздік оқитын, аудандық, облыстық, республикалық байқаулардан жетістігі көп 7 оқушыға, яғни бір мүмкіндігі шектеулі, екі көп балалы, екі аз қамтылған, екі дарынды оқушыға Ойыл ауданының білім бөлімінің сектор меңгерушісі Есенгелді Бегалин ҚР Президенті шыршасының сыйлықтарын табыстады. Президент құттықтауына электросамокат, тәттілер, сөмке және кітап берілді. Президент атынан алынған сыйлықтар оқушылардың бәрін де ерекше қуанышқа бөледі. Әр баланың қуанышы — боямасыз күлкіні, жаңа жылға деген үмітті, шексіз қуанышы, махаббаттары айналаға нұр болып шашылғандай әсерге бөлейді!

Басқа жаңалықтар