ӘкімдікБасты тақырып
Жыл қорытындысы: үздіктердің үлесі
Жылдағы дәстүр бойынша өткен жылдың соңғы күні аудандық мәдениет үйінде жыл қорытындысы өтті. Ұрпағының ертеңін жарқын ететін, тыныштық пен тұрақтылыққа, күнделікті адал еңбекпен елге, туған жерге деген жанашырлық пен әр салада қалтқысыз қызмет етіп жүрген аудан азаматтары мен азаматшаларының еңбектері бағаланды. Шара аудан бойынша жыл ішінде өткізілген жұмыстардың нәтижесі туралы бейнебаянмен түрілді. Одан соң аудан әкімі Асқар Қазыбаев жұртшылықты мерекемен құттықтап, жыл қорытындысы бойынша ауданның дамуына үлес қосып жүрген бірқатар үздіктерге марапаттар тапсырды. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, сондай-ақ белсенді депутаттық қызметті және өңірдің әлеуметтік- экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін, Қазақстан Республикасының Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Алғыс хатымен аудандық мәслихат депутаты Исатай Берғалиев марапатталды. Қаржы саласының еңбек ардагері Ұлдай Шойманова, «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл» төсбелгісін тақты. Білім беру саласы бойынша «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі А.Аймағамбетовтің орта білім беру ісінің үздігі» Құрмет дипломымен Ақтоты Жұмағалиева марапатталды. Өңіріміздің дамуына зор үлес қосқан, сайлау науқанын ұйымдастыруға, өткізуге белсене қатысқаны үшін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Алғыс хатымен бірқатар еңбек ардагерлері марапатталды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елімізде өткен сайлауларды ұйымдастыру мен өткен сайлауларды ұйымдастыру және өткізуге белсене қатысқаны үшін Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Жүсіповтің Алғыс хатымен Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы Ақтөбе облысы Ойыл ауылы филиалы сарапшысы Нұрсұлтан Кенжебеков марапатталды. «Үкілі үміт» мүмкіндігі шектеулі жандар клубының мүшесі, жеке кәсіпкер Гүлсім Елекбаева «Жан шуақ» халықаралық байқауына қатынасқаны үшін Қазақстан мүгедектер конфедерациясы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жанат Омарбекованың алғыс хатымен марапатталды.
Ойыл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №139 үкімі негізінде Ойыл ауданының «Жыл адамы» атағы берілді. «Тұлпар мініп, ту алған» атты облыстық жыр байқауында үздік атанып, жоғары жетістігі үшін Сапақкөл орта мектебінің 8 — сынып оқушысы Әсел Тоғызбаева мен ауданның спорт саласын дамытуға қосқан зор үлесі және жоғары жетістігі үшін, Самбодан әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Самбо күресінен спорт шебері, самбо күресі мен қазақ күресінен Қазақстан Республикасы чемпионаттарының жеңімпазы, Өскемен қаласында қазақ күресінен жастар арасындағы «Жас барыс» республикалық турнирі мен «Ақбидай» ауыл спорт ойынында қазақ күресінен өткен жарыстың жеңімпазы Бекзат Мұхамбетов және ауданның сәулет, құрылыс салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ауданда Дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен сегіз пәтерлі 2 тұрғын үй құрылысының сапалы салынуын ұйымдастырудағы қажырлы еңбегі үшін аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Жанұлан Тумышовтар иемденді.
Сонымен қатар, ауданның көркеюіне үлес қосқан бірқатар азаматтар «Ойыл ауданына 100 жыл» мерекелік медалімен наградталды. Асқар Қайырғалиұлы өз атынан да әр саланың үздіктеріне Алғыс хатын ұсынды.