ӘлеуметБасты тақырып

МОБИЛЬДІ ТОП ТҰРҒЫНДАРҒА КЕҢЕС БЕРДІ

Өткен жұма күні ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті және Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік сақтандыру мәселелері» бойынша құрылған мобильдік топ Ойыл және Саралжын ауылдарының тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде тұрғындарға жұмыспен қамту, әлеуметтік қамтамасыздандыру саласы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аталған жиында аудан тұрғындарына жаңадан қабылданған жобалар, өзгерістер, әлеуметтік қолдаулар туралы кеңінен ақпарат беріліп, тұрғындардың көкейінде жүрген зейнет жасы, бала күтімі, сондай-ақ, әлеуметтік төлемдер туралы сұрақтарға жауап берілді. Жиын соңында топ мамандары азаматтарға жеке қабылдау жүргізді.

Басқа жаңалықтар