ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

«МУЗЕЙ-ӨТКЕННІҢ ҚАЗЫНАСЫ, БОЛАШАҚТЫҢ МҰРАСЫ»

1978 ЖЫЛДАН БАСТАП ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНІҢ МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ 18 МАМЫР КҮНІ ӨЗДЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙЛЕР КҮНІН» АТАП ӨТЕДІ. КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕ МЕРЕКЕ РЕСМИ ТҮРДЕ 1977 ЖЫЛЫ МӘСКЕУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ХІ БАС КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА БЕКІТІЛГЕН БОЛАТЫН. АЛ БІРІНШІ БОЛЫП ТҮНГІ МЕЗГІЛДЕ 1997 ЖЫЛЫ ГЕРМАНИЯ МУЗЕЙЛЕРІ КЕЛУШІЛЕРГЕ ӨЗ ЕСІКТЕРІН АШҚАН ЕКЕН. 2005 ЖЫЛЫ ФРАНЦУЗДАР «МУЗЕЙ ТҮНІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙ АКЦИЯСЫН ЖЫЛ САЙЫН ӨТКІЗІП ТҰРУ ТУРАЛЫ ӨЗ ПІКІРЛЕРІН ҰСЫНДЫ. ОСЫ ЖЫЛЫ ЕУРОПА КЕҢЕСІ АТАЛҒАН ҰСЫНЫСТЫ БЕКІТТІ. 2006 ЖЫЛЫ ӘЛЕМНІҢ 38 ЕЛІНІҢ 2 МЫҢНАН АСТАМ МУЗЕЙЛЕРІ «МУЗЕЙ ТҮНІ» ЖОБАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ БОЛДЫ. ОСЫ ЖЫЛЫ «МУЗЕЙ ТҮНІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАЗАҚСТАН ЕЛІ ДЕ ҚОСЫЛДЫ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «МУЗЕЙ ТҮНІ» МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫН АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙІ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ.

Осы орайда аудандық Ш.Берсиев атындағы өнер және өлке тарихы музейінде «Музей — өткеннің қазынасы, болашақтың мұрасы» атты шара өтті. Салтанатты шараға мәдениет саласының қызметкерлері, өлкетанушылар клубының мүшелері, зейнеткерлер, аудан мектебі және кәсіптік колледжінің қызметкерлері қатысты. Алдымен сөз алған зейнеткерлер мен өлкетанушылар клубының мүшелері музей қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, музей қорына құнды жәдігерлер тапсырды. Расында, мемлекеттің өткені мен бүгінгі тарихын жалғастыруда музей ісінің алатын орны ерекше. Бұл ретте, ғасырлар қойнауынан сыр шертетін тарихи құндылықтарымызды, баға жетпес жәдігерлерімізді, мәдени ескерткіштерді көздің қарашығындай сақтап, асыл мұраларды ұрпаққа аманаттау жолында музей қызметкерлерінің ұлттық мәдениетіміздің өркендеуіне қосып жатқан үлестері өлшеусіз.
Мәдени шара одан әрі аудан өнерпаздарының ән-биіне ұласты. Оқушылар жыр-шумақтарын арнады. Таңнан бастау алған түрлі шаралар қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Шараны қортындылаған музей директоры Балқия Рысбаева музей ұйымдастырған шараларға белсенді атсалысқан мекемелер мен оқушыларға Алғыс хаты мен арнайы сыйлығын табыс етті.
P.S ШАРАДАН СОҢ ҚАТЫСУШЫЛАР «МУЗЕЙДЕГІ БІР СӘТ» ТРЕНДІНЕ ҚАТЫСЫП СУРЕТКЕ ТҮСІП, МУЗЕЙ ЗАЛДАРЫНА ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ.

Басқа жаңалықтар