Мәдениет

АУДАН ЖАСТАРЫ СЕЗІМНІҢ СЫРЛЫ ӘУЕНДЕРІН ШЕРТТІ

Жуырда орталық саябақта «Сезімнің сырлы әуені» атауымен аудан жастарының концерті өтті. Жаңашыл жастардың бірлесе ұйымдастырған концерті көрерменнің көңілінен шығып, аталмыш кеште сегіз қырлы бір сырлы, ауданның жалындаған жастарының өнеріне толы болды.
Өнерпаздар жиналған халыққа әуезді әсем әндерін, күмбірлі күйін, мың бұралған бишілер билерін тарту етті.
Тамашалауға келген әр көрермен қосыла ән шырқап, соңында өнерпаздарға өз ризашылықтарын білдірді.

Басқа жаңалықтар