ӘкімдікРухани жаңғыру
БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕНКЕСІ ӨТТІ
ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ОРАЙ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ОПЕРАТОРЛАРДЫ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУҒА БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕНКЕСІ ӨТТІ.
Аудандағы барлық мемлекеттік мекемелерде 15 қазан от жағу жұмыстары басталып, жылу жүйесі қосылды. Осыған орай бірқатар мекемелерде операторларға бос орындар жарияланған-ды. От жағушы куәлігі бар азаматтарға бос жұмыс орындар ұсынылды.
«Осы ортада отырған біраз азаматтар бұл жұмыспен таныс. Қолдарыңызда от жағушы куәлігі бар. Барлығыңыз жұмыстың барысын білесіздер. Жылыту маусымы басталуына орай, заңға сәйкес дәстүрлі бос орындар жәрменкесін ұйымдастырып отырмыз. Өздеріңізге қолайлы орындарды таңдасаңыздар болады», — деді аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев.