Білім

Жазира Тынышева – «Кемеңгер ұстаз»

Ақпараттық технологияның басты жетістігі білім мен ғылымның дамуына оң септігін тигізуде. Қазіргі таңда оқушылармен қоса ұстаздарда онлайн-конференциялар арқылы біліктілігін арттыруға болады. Тіпті онлайн байқауларға да қатысып, бағыңды сынауға толық мүмкіндік бар.

Міне осындай онлайн режимінде өткізілген республикалық олимпиадаға қатынасып жүлдегер атанған ұстаздардың бірі — Жазира Тынышева. Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының химия пәнінің мұғалімі. Көп балалы ана. Daryn.onlin білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған І Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының жүлдегері атанды. Сондай-ақ, білім саласындағы жоғары нәтижелі еңбегі, педагогикалық шеберлігі үшін Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ақтөбе облыстық ұйымынан 50 мың теңгенің сертификатына ие болды. Оның аз ғана уақыт ішінде осындай жетістіктерге жетуінің сыры үнемі ізденістің арқасында екені айтпаса да түсінікті. Отбасында 6 бала тәрбиелеп отырған ұстаздың ұстанымы «оқулық ұстаздың да, оқушының да ақылшысы».
Расында баланың білікті маман болып шығуы тәрбиеден бастау алады. Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп гимназиясының директоры Роза Ұлықпановаға, аталған білім ошағының кәсіподақ ұйымының төрайымы Жұлдыз Ержановаға және аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымыз Гүлмира Избағамбетоваға алғысын білдірді.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар