Әлеумет

Армандар шындыққа айналады

Ойыл ауданындағы Көптоғай селолық округіне қарасты Амангелді елді мекенінің жастары жаңашылдыққа жаны құмар. Шағын  ауылдың заман талабына сай өркендеп өсуіне  ауыл жастарының үлесі орасан зор.  Бұл ауылда еңкейген қарттан еңбектеген балаға дейін еңбекке құштар.

Бірлігі мен мамыражай тірлігін сақтап өмір сүріп жатқан ауыл халқы жастардың  жаңа бастамаларына қолдау көрсетіп келеді. Бүгінде ажары келіскен ауылда жастар өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Солардың бірі «Нұр-Ай» сұлулық салоны. Нұрқаным Саламатқызы мен Айгерім Елубайқызының бірлескен кәсібі халық сұранысына ие. Атамекен бағдарламасымен 2019 жылы қазан айында 505 мың несие алып өз кәсіптерін бастаған. Қазіргі таңда  олар моникюр, коррекция, причёска, покраска, мужской стрижка, макияж сынды жұмыстармен айналысады. Кәсіптерінің ашылғанына аз уақыт болса да түскен табыс жаман емес. Кәсіпкерлер 2019 жылы «Шаштараз» мамандығын тәмандағаннан кейін ауылда кәсіп ашуды мақсат етіп, қазір соның жемісін көріп отыр. Дегенмен елімізде орын алған карантин кәсіптің алға жылжуына кері әсерін тигізгені белгілі. Халықтың сұранысы көп болғандықтан жас кәсіпкерлер жұмыстарын карантин уақытында үйден жалғастырған.  Ол кезде табыс көлемі айтарлықтай бола қоймаған. Қазір елімізде карантин талаптары жеңілдетіліп жұмыс орындарына қайта оралған кәсіпкерлер бұрынғы қарқынды жұмыс күшін қалпына келтіруге кіріскен.
-« Әрине, бұл аты жаман вирус  жаңадан тәй-тәй басып келе жатқан кәсіптерге үлкен зардабын тигізді деуге болады.  Біздің  «Нұр-Ай» сұлулық салоны да  карантин уақытында сәл тұралап қалды. Бірақ уақытша қиындықтарға төтеп беріп қазіргі таңда өзіміздің сүйікті жұмыс орнымызға қайта оралдық. Бүгінде күнделікті табысымыз жаман емес»,-дейді  Нұрқаным Саламатқызы.
19 жастарында кәсіптің қыр-сырын үйреніп жас болса да үлкен кәсіп ашуға батылдықпен кіріскен олар болашақта кәсіп көлемін ұлғайтуды көздейді. Амангелді ауылындағы ең жас кәсіпкерлер «Нұр-Ай» сұлулық салонының аясын кеңейтіп орталықтан және басқа да ауылдық аймақтардан да ашуды жоспарлап отыр.
-«Ауылымыздың халқы үшін ашқан кәсібімізге тұрғындардың көзқарасы өте жақсы. Тіпті кәсібімізге ризашылықтарын білдіріп қолдау көрсететін ауыл азаматтарына алғысымызды білдіреміз. «НұрАй»сұлулық салоны заман талабына сай барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Ауыл халқы бұрынғыдай  қалалар мен ауданға барып сабылмайды. Өзіміздің салонға келіп сапалы қызмет алады. Болашаққа құрған арманымыз өте көп. Армандарды шындыққа айналдыру өз қолымызда екеніне көзім жетті.  Алдағы уақытта көптеген жетістіктерге жеткіміз келеді»,-дейді Айгерім Елубайқызы.

Венера Асқарқызы,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар