ӘлеуметДенсаулық

Мараш апайдың дәріханасы

Ауданда қандай мереке болса да мерекелік шаралардан тыс маңызды оқиғалармен есте қалады. Бұл жолы Қазақстан халқының бірлігі күні Ойылда жаңа дәріхана ашылды.

Дәріхана иесі Марфуға Тілепова аудандағы фармацевт мамандығын меңгерген саусақпен санарлық мамандардың бірі. Еңбек жолының елу жылын осы салаға арнаған адам. Оның жиырма жылында жеке кәсіпкер ретінде шағын дәріханасымен аудан халқына қызмет тетіп келеді. Демек, бұл жұмыстың бүге-шүгесіне дейін біледі. Орталық ауруханаға жақын тұстан үй салғанда ауласынан кәсібін жалғастыруды көздеген Марфуға Аққыстауқызы Ойылдың қақ ортасындағы дәріханасының тұтынушылары үшін селоның шет жағына келуі қиындығын да ескерді. Сондықтан да ауласына салып қойған дәріханасын ашуға асыққан жоқ. Бірақ, соңғы жылдарғы орталық көшелердің асфальтталуы мен селоның күн батысындағы тұрғын үй құрылысының қарқын алуы кәсіпкер фармацевттің ойын орындауына мүмкіндік туғызды.

Мараш апайдың (ел осылай айтады) мерекемен ұштасқан қуанышын бөлісуге аудан басшылары мен көршілері және ағайындары келді. Ақжарма тілектер шашуға ұласты.

Р.S. Он жыл бұрын фарцевт мамандығын бітірген қызы Жанна ана жолын қуып, кәсібін жалғастырмақ. Елдің иігілігіне қызмет ететін кәсіптің берекелі болуын тілейміз!

С.ХАМЗИН.

Басқа жаңалықтар