Басты тақырыпБілім

«Туған жерім, тұғырым – түлеп ұшқан»

Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы мен облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлының «Туған жерге тағзым» акциясымен ұштасқан «Туған жерім, тұғырым – түлеп ұшқан» атты мектеп бітірушілер мен түлектер шеруі кеше Ойыл балалар- жасөспірімдер спорт мектебінің аланында өтті. Бұл шараға алды мектеп бітіргендеріне 50 жыл толған алдыңғы толқын ағаларымыз да жан-жақтан келіп, өз үлестерін қосты. Мереке шымылдығын ашқан аудан әкімі Дастан Сағыров жас түлектерге ақ жол тіледі.

 

 

 

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді» — деген болатын. Міне осыған дәлел білімі мен біліктілігінін, ізденістерінің нәтижесін көрсете білген мектеп бітірушілерімізді  Дастан Жарылқасынұлы мектепті үздік аяқтаған оқушыларға қызыл куәліктерін табыс етті.  Одан соң аудандағы әртүрлі шараларға белсенді атсалысып, білім, спорт салаларында  облыстық, республикалық деңгейде Ойылдың абыройын асырған жастарда алғыс хаттан тыс қалмады.  Айта кететін жайт он бір жыл үздік оқып, білімнің биік нәтижесін көрсеткен аудан мақтаныштары — 22 оқушы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтан «Алтын белгі» төсбелгілерін алды.

Бүгінгі фестивальда Ж.Жүсібалиев атындағы ОҚОМ, Ойыл қазақ орта мектебі, Ш.Бекмухамбетова атындағы мектеп – гимназиясы, Қараой мектеп – балабақшасы, Сапақкөл орта мектебі, Ш.Берсиев атындағы орта мектебі, Жамбыл орта мектеп – балабақшасы, Ақшатау орта мектебінің түлектері қонақ болды. Мектептерден әр жыл сайын қанаттанып ұшқан түлектер бүгінгі күні түрлі мамандықтардың иесі. Кез-келген адам өзінің білім алған ордасына қолынан келгенше көмектесетіні сөзсіз. Бүгінгі фестивальдің қонақтары мектептеріне құр қол келмепті. Облыс әкімінің бастамасына үн қатқан әр жылдарғы түлектер өз үлестерін арнаулы сертификаттармен мектеп директорларына табыстады. Есте қаларлықтай кештін көркін ауылдар мен аудан мектептерінің бітірушілері «Мектеп вальсімен» жалғыстырды. Мерекеге жиналған қонақтарға ауданның талантты жастары мен мектеп бітірушілер әсем ән мен жырдан шашу шашса, тәтті сезіммен ұштасқан қоңырау үні ақжолтай тілектермен тоғысты.

Өміргүл Темірхан.

Басқа жаңалықтар