Әлеумет

7 қыркүйек күні этноауыл «Көшпенділер Әлемі» өзінің қақпасын айқара ашып, барлық қонақтарды таңғажайып ашылу салтанатына шақырады.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының мәдени бағдарламасы аясында іс-шаралар легі кең. Бұл – бірегей көрнекті орындары бар шынайы мәдени орталық болады.

Әрбір күн этноауылда қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен дәстүрлерін көрсететін “Шаттық керуені” атты керемет шеруімен басталады.

Әрбір қонақ көшпенділер әлеміне енеді және олардың мәдени байлығын сезінеді.

«Өнер ордасы» басты сахнасында күн сайын 12:00-ден 17:00-ге дейін еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік аймақтық ұжымдар өнер көрсететін “Думанды дала” концерттері өтеді. Этнофольклорлық ансамбльдер, қазақ ұлттық оркестрлері, солистер және би ұжымдары дәстүрлі этникалық стильде өнер көрсетеді.

Кешкі бағдарламада сағат 18:00-де қонақтарды қазақстандық эстрада жұлдыздары мен халықаралық ұжымдардың, оның ішінде “Аркаим” аспаптық дуэті, “Бірлік” ән-би ансамблі, әлем халықтарының биін орындаушы Ане́ль Марабаева, “Хазар” этно-тобы, “Steppe Sons” этно-тобы, “The Nomads Fire” жобасы және бірегей мультиаспапшы Еділ Хусаиновтың қатысуымен өтетін “Ұлы дала үні” гала-концерттері күтеді. «Өнер ордасы» басты сахнасындағы барлық концерттер ашық аспан астында өткізіледі.

t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Басқа жаңалықтар