МәдениетРухани жаңғыру
Жас аруларға көрсетілген құрмет
Көктемнің шуағымен қатар келетін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні Ойыл ауданында ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Осы орайда, 16 наурыз күні Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығында аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы аудан жастарының белсенді аруларымен кездесуі өтті.

Кездесуге аудан орталығындағы жастар бірлестігі мен ауылдық округтен белсенді жастар қатысты.
Аудан әкімі жас аруларды көктем мерекесімен құттықтап, олардың аудан дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Кездесу барысында аудан әкімдігі жастардың еңбегін бағалап, белсенді аруларға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табыс етті. Шара соңында аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Жангүл Бақытжанқызы сөз алып, жас қыздарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, олардың қоғамдағы рөліне тоқталды.
Осындай игі шаралар – жастардың ынтасын арттырып, олардың қоғамға қосқан үлесін бағалаудың жарқын үлгісі