«Әділет» партиясы мүшелері Жолдаудың негізгі басымдықтарын таныстырды
«Әділет» партиясының мүшелері Талғар Әбілов, Адель Масалимова және Гүлнара Шерниязова «Банк ЦентрКредит» АҚ Ақтөбе филиалы еңбек ұжымымен кездесті. Басқосуда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары мен онда белгіленген міндеттер талқыланды. Қатысушылар Жолдауда көтерілген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономиканы жаңғырту, макроэкономикалық қаржылық және құқықтық реформалар, қаржы жүйесін жетілдіру және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелеріне назар аударды.

Гүлнара Шерниязова өз сөзінде Мемлекет басшысыныңқаржы жүйесін дамытуға қатысты тапсырмаларынатоқталды. Оның айтуынша, Қазақстанның қаржы жүйесіорнықты деңгейге жеткен. Елдегі банк активтерінің 75 триллион теңгеден асуы және депозиттер көлемінің 52 триллион теңгеге жетуі қаржы саласындағы оң өзгерістерді көрсетеді.

– Президент Жолдауда жинақталған қаржыресурстарын экономиканың нақты секторын дамытуғатиімді пайдалану қажеттігін атап өтті. Әсіресе, банктердіңбизнесті инвестициялық кредиттеуге белсенді қатысуымаңызды. Өйткені кәсіпорындардың дамуы, жаңаөндірістердің ашылуы және жұмыс орындарының көбеюіұзақмерзімді қаржыландыруға тікелей байланысты. Сонымен қатар капитал нарығын кеңейту, жекекәсіпорындарды биржа құралдарын пайдалануғаынталандыру және қаржы жүйесін цифрландырубағытындағы міндеттер де өзекті, – деді ГүлнараШерниязова. Ол сондай-ақ бюджет қаражатын тиімдібасқару, орынсыз шығындардың алдын алу және қаржылықтәртіпті күшейту жөніндегі міндеттердің маңызын атап өтті.

Талғар Әбілов өз сөзінде Мемлекет басшысының әлеуметтіксаясат, әсіресе еңбекақыны арттыру және денсаулық сақтаусаласын дамыту жөніндегі тапсырмаларына тоқталды.
– Жолдауда халықтың табысын арттыруға ерекше мәнберілген. Атап айтқанда, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап еңтөменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтерутапсырылды. Бұл өзгеріс 1,8 миллион адамның, оныңішінде бюджет саласында еңбек ететін 370 мыңнан астамқызметкердің табысына әсер етеді. Сонымен қатар алғашқымедициналық-санитариялық көмек мамандарыныңжалақысын еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттырукөзделген. Президент медицина қызметкерлерінің еңбегінбағалауға және әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталғанбұл бастаманың 77 мыңнан астам маманды қамтитынынатап өтті, – деді Талғар Әбілов.
Партия мүшелерінің айтуынша, Жолдауда денсаулықсақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға да басымдықберілген. Ел аумақтарында сегіз заманауи перинаталдықорталық пен жеті көпбейінді балалар ауруханасын салу жоспарланып отыр. Олардың қатарында Ақтөбеқаласындағы балалар ауруханасы да бар.
Кездесу соңында қатысушылар Жолдауда белгіленгенміндеттерді жүзеге асырудың маңызын атап өтіп, елдіңқаржы жүйесін дамыту, әлеуметтік қолдауды күшейту жәнеденсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын жаңғыртумәселелері бойынша пікір алмасты. Басқосу барысындаеңбек ұжымының сауалдарына жауап беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
М.ТАБЫН.



