МәдениетРухани жаңғыру

Ұлттық рухымыз күмбірлі күймен тербеліп, әсем әнмен асқақтады

Домбыра қазақтың ғасырлар толқынына жасырған шежіресін сақтап келген ұлттық аспаптың бірі. Осы орайда өсіп келе жатқан ұрпаққа ұлттық дәстүрімізді түсіндіріп, ұлықтау мақсатында Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев шілде айының бірінші жексембісін «Ұлттық домбыра күні» деп бекіткен болатын. Бұл күн ұлттық домбыраны ұлықтау күні. Ұлттық рухымызды күмбірлі күймен тербеп, әсем әнмен асқақтатын күн екені даусыз. Өйткені оған сол күні тағы бір мәрте куә болып қайттық. Аудандық спорт мектебінің алаңында құрылған сахна төрінде домбырашылар ансамблінің сүйемелдеуімен аудан өнерпаздары жарыса күй тартып, халық әндерін орындады.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар