ӘлеуметБасты тақырып

30 жылдың бедеріндегі Ойылдың бүгінгі бейнесі

Төрт түлігі тең өрген
Ойыл ауданы экономикасының өзегін ауылшаруашылығы құрайды. Яғни, Ойыл облыстағы бірыңғай мал шаруашылығымен айналысатын санаулы ауданның бірі. Бірнеше жыл қатарынан соққан қуаңшылық тәуекел аймағына жататын шөлейтті өлкеде шаруаларды егін шаруашылығынан еріксіз бас тартуға мәжбүрледі. Аумағында өндіріс орындары жоқ, төскейінде төрт түлігі тең өрген аудан үшін мал тіршілігінің тірегі. Осы жылдың 1 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша 41697 бас мүйізді ірі қара бар болса, оның 26048 басы аналық. Соңғы кездері шаруашылықтар мал тұқымын асылдандыруға мән беріп келеді. Әрине, үлес салмағы төмен болса да, бұл бағыттағы жұмыстың басым бөлігі қуатты шаруашылықтардың еншісінде.
«Мал өсірсең, қой өсір» — деген қағиданы ұстанған ойылдықтардың еншісінде бүгінгі күні 175 мыңдай қой-ешкі бар. Табысы тез түліктің де тұқымын асылдандыруға ден қойған шаруалардың ойлары мемлекеттік бағдарламалар арқылы жүзеге асты.
Қазақстан Республикасының 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы  аясында 1400 бас мүйізді ірі қара сатып алу жоспарланып, 14 шаруа қожалығы 1091 бас сатып алды. 2700 бас қой сатып алу жоспарланып, бүгінгі таңда 5 шаруа қожалығына 2100 бас қой сатып алуына қолдау көрсетілді.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында мемлекет тарапынан асыл тұқымды мал басын өсіру бойынша қолдау шаралары түсіндіріліп,  шаруа қожалықтарына  асыл тұқымды мал алу ұсынылуда. Бүгінгі таңда 240 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара, оның ішінде Қайыңды ауылдық округінен «Орынғали» ШҚ 75 бас асыл тұқымды ірі қара, Саралжын ауылдық округінен «Тәжібай АГРО» ЖШС 165 бас асыл тұқымды ірі қара малдарын сатып алды.
11 шаруа қожалығы қыстағында құдық қазылып, 34 шаруа қожалығына лизингтік жүйемен «КазАгроҚаржы»АҚ арқылы 248,2 млн.теңгеге ауыл шаруашылығы тракторлары мен қосалқы техникаларын сатып алуына көмек берілді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын дамыту мақсатында ағымдағы жылы Саралжын ауылдық округі «Ербазы» ШҚ  50 млн.т инвестиция салып, 70 бас сауын сиырмен тауарлы сүт фермасын ашып, Ойыл ауылдық округінде «Тұлпар» ШҚ 18,0 млн.теңге инвестициямен жылқы сүтін өндіруді қолға алуда. Алдағы уақытта Саралжын а/о  «Сансыз» ШҚ тауарлы сүт фермасын ашуға дайындық  жұмыстарын жүргізуде.
Ал, жылқы басының өсімі жыл сайын еселеп артып келеді. Қазіргі күні Ойыл даласында 16407 бас «Қамбар атаның» төлі бар. Рас, Ойылда түйе шаруашылығы әуелден кенже қалған. Бірақ, әлі де ата дәстүрді жалғыстырып келе жатқандар бар. Небәрі 82 түйе. Бұл негізінен жеке тұрғындардың қолында.
Бау-бақша егу жұмысы соңғы жылдары тұрғындардың қосалқы табыс көзі болса, Спартак Төремұратов бұл кәсіпке бел шешіп кірісті. Облыс әкімінің бастамасымен оның алқабына электр желісі тартылып, суармалы алқапты ұлғайтуға мүмкіндік туғызып отыр. Оның өнімдеріне сұраныс облыстан ғана емес, көршілес аймақтанда көп. Спартак болса, бау-бақшамен қатар, жонышқа егу жұмысын қолға алып отыр.
Қолданыстағы  суармалы жер алқабын одан әрі ұлғайту мақсатында 540 га суармалы алқаптың инфрақұрылымын жасақтау жұмыстары жүргізілдіАлдағы жылы 3 шаруа қожалығы (Спарта, Көбек, Жұмырбай) жерлерінде іске қосуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Денсаулық сақтау саласында серпін көп
Тәуелсіздік алғанға дейін Ойыл ауданында әлеуметтік саланың әлсізі денсаулық сақтау жүйесі болғаны жасырын емес. Ойылдағы ең көне ғимаратқа қоныс тепкен аурухана осыдан 13 жыл «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының аясында заманауи жабдықтармен қамтылған жаңа ғимаратқа көшті. Сонымен қатар, соңғы 20 жылда Ойыл ауданында жаңа 11 медициналық пункт салынды.  Бұл Кеңес үкіметінің құрамында болған 70 жылда болмаған жағдай. Сондай-ақ, соңғы жиырма жылда ауруханаға 19 автокөлік берілді.
Қазіргі таңда 31 дәрігер, 2 психолог маманы жұмыс жасайды. Оның ішінде биыл келген 1 жас маман жалпы аумақтық дәрігер, 2 фельдшер, 1 мейірбике.
Соңғы 5 жыл ішінде келген 8 жас маманның үшеуіне жалдамалы тұрғын үй және бір жолғы берілетін көтермеақы, тағы 2 маманға бюджеттік несие берілді.
2019 жылы келген 2 жас маманға облыстық әкімдіктен 1 500 000 теңге берілді.

Ұрпағы білімге ұмтылған
«Білімді ұрпақ — ел болашағының берік тірегі» екендігі, жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне деген мемлекеттің шексіз қолдауынан көріп отырмыз. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында еліміздің білім саласы, соның ішінде Ойыл ауданының білім беру ұйымдары осы мемлекеттік саясаттың жемісін көріп отыр.
Ойыл ауданында 1991-2021 жылдар аралығында заманауи үлгідегі 9  мектеп (Қараой мектеп балабақшасы, Амангелді орта мектебі, Жамбыл мектеп балабақшасы, Ақшатау орта мектебі, Соркөл орта мектебі, Тайсойған негізгі мектебі, Жақсыбайкөл негізгі мектебі, Қарасу негізгі мектебі мен Теректі негізгі мектебі.) , 2 балабақша (Айгөлек бөбекжай бақшасы және Әсем бөбекжай бақшасы) салынды. Облыстық маслихат депутаты «Анвар» ЖШС президенті Т. Салфиковтың демеушілігімен «Ойыл балалар музыка» мектебінің ғимараты бой көтерді. Бұл Ойылдағы көп жылдардан бергі түйткілді мәселелердің бірі еді.  Жас ұрпаққа заманауи ақпараттарды игеруде маңызы зор 12 физика, 13 химия, 3 биология, 3 мультимедия пәндік кабинеттері жасақталды. Аудан бойынша 3 балаға 1 компьютерден келеді. Жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық мектептер бейнебақылау жүйесімен, турникеттермен қамтамасыз етілген. Үш ауысымдық және апатты мектептер жоқ. Ел тәуелсіздігінің қарсаңында ауыл азаматтарының көмегімен 1993 және 2000 жылдары салынған Теректі негізгі мектебі мен Қарасу негізгі мектептеріне 2021 жылы күрделі жөндеу жасалды.  2021 жылы ауданымыздың 4 мектебі модернизациялау нәтижесінде жаңартылды.
Күн санап дамып келе жатырған жас мемлекетіміздің жастары да өз білімдерімен әлемдік биіктерді бағындырып жүр. Олардың қатарында 2013 жылы Ойыл аудандық оқушылар үйінің Түркіменстандағы «Awaza-dotluk mekany» 6 халықаралық фестивальден бас жүлдемен оралуы, Саға мектеп балабақшасының түлегі Дүйсенғалиев Шаттық Ерланұлы мектеп қабырғасында жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Р. Құрманғазиннің шынықтыруы нәтижесінде 2013 жылы Малайзия еліндегі жастар Азия ойынында 2 алтын 1 күміс, 2014 жылы БАӘ Дубай қаласында өткен Халықаралық гран-при және Харажан турнирінде қола медальдарға ие болуын, «Ақтөбе облысының жыл адамы-2013» құрметті атағын иеленуі , Құрман орта мектебінің оқушысы 2013 жылы Сембаева Асылай Ерланқызы Францияның Париж қаласындағы  халық аралық конференцияға қатынасып Мұстафа Шоқайдың мұрасын зерттеудегі өз көзқарастарымен бөлісті. Бүгінгі күні ауданымыздың дарынды оқушылары тәуелсіздік жылдары 570 тен астам ғылыми практикалық конференциялар мен жарыстардан жүлдегер атанып, Республикалық, халықаралық  спорт додаларында көк байрағымызды желбіретіп жүр.
Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің түлегі, «Алтын белгі» иегері, Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетін, магистратурасын үздік бітірген,  Ұлттық Экономика Министрлігінің қызметкері Талант Хамзин «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-тың Сан-Диего қаласында, Нұрзат Хайролла Азаматтық авиация саласында білім алып жатыр.

Жолдың «жыры» жақындап қалды
Осыдан отыз жыл бұрын Ақтөбеге дейінгі жол асфалттанады десе ойылдықтардан ешкім сенбес еді. Тіпті армандаудың өзі қисынсыз сияқты көрінді. Он бес жыл бұрын Қобдадан Ойылға қарай жол салына бастағанда да күмәнмен қарағандар көп болды. Темір жолдан жырақ жатқан Ойыл үшін көлік жолы тіршіліктің күре тамыры. Бүгінде аудан халқын азаптан құтқарып, көзін ашқан жол десе де болады. Өмір бойы жылдың кез-келген мезгілінде жолдың азабын көрген ойылдықтар үшін Ойыл-Қобда арасындағы жол ғасыр құрылысымен тең. Соңғы он жылда Ойылдың өзінде 15 көшеге асфальт төселсе, биылдан бастап ауылдық округтердің орталық көшелеріне асфальт жамылғысы төселді.
Ойыл-Қараой жолын жөндеуге техникалық құжаттаманың  қайта жинақталуына байланысты жұмыстар уақытша тоқтап тұр. Қазіргі уақытта жергілікті бюджеттен техникалық құжаттамаға түзетулер енгізуге қаражат бөлініп, құжаттар «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы»Ақтөбе облыстық филиалына жіберіліп қаралуда.
Көптоғай ауылына кіреберіс» 0-22 км автокөлік жолын орташа жөндеуге өткен жылы 471млн 508,3 мың тенге бөлініп  («РСУ-1» ЖШС) орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 292млн. 193,8 мың теңге игерілген болатын.  Қалған қаржысы 179млн 314, 5 мың теңгеге  (РБ-54 502 000теңге; ОБ-124 812 554,04теңге) жөндеу жұмыстары жалғасуда.
«Шұбарши ауылына кіреберіс» 0-15,2 км автокөлік жолын орташа жөндеуге  374млн617,2  мың тенге бөлінді («Агрофирма Коквест» ЖШС) жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 269 млн 428,4 мың  теңге игеріліп, қалған  облыстық бюджеттен бөлінген 105 млн188,7 мың теңгеге  ағымдағы жылы жөндеу жұмыстары жалғастырылуда.
Ойыл ауылында ауыр жүк автокөліктер үшін айналма автокөлік жолын салу үшін 892,8 мың теңгеге жобалау-сметалық құжаттары дайындалуда  (мердігер «ASK Proekt I» ЖШС)
«Қайыңды ауылына кіре беріс 0-26,960 км» автокөлік жолына орташа жөндеу жұмысына 712 млн 136,1 мың теңге қаржыға облыстық басқармаға бюджеттік өтінім тапсырылды.
«Сарбие ауылына кіре беріс 0-16,180 км» автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына  570,0 млн теңгеге мемлекеттік сатып алуға жарияланған ашық конкурс екі рет өтпеді деп танылуына байланысты техникалық құжаттамалары қайта ведомстволық сараптамадан өткізуге ұсынылды.
Аудандық бюджеттен бөлінген 2 млн 959,0 мың теңгеге  Бестамақ ауылына кіре беріс 0-1,84км (246,4мың.т), Ақкемер ауылына кіре беріс 0-12,7км (497, 2 мың т), Ойыл ауылына кіре беріс 0-3,83км (403, 2 мың т), Кемер ауылына кіре беріс 0-1,03км (246,4 мың т), Қаракемер ауылына кіре беріс 0-12,0км (555, 2 мың т), Ақшатау-Қаракемер 0-19,7км (497, 2 мың т), Құмжарған ауылына кіре беріс 0-2,96км  (324, 8 мың т), Екпетал ауылына кіре беріс 0-1,97км (246, 4 мың т) автокөлік жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін  жобалау –сметалық құжаттары дайындалып, ( «Игілік Строй Проект» ЖШС)  ведомстволық сараптамаға жіберуге дайындалуда.
Көшелерге асфальт салу жалғастырылып, ағымдағы жылы аудан орталығында ұзындығы 4,72 км 5 көше  аудандық  бюджеттен 107,4 млн.теңге бөлініп, (Тапалова (29781,0 мың т), Дүсіпов (144000,0 мың т) Байғанин (10213,0 мың т), Оноприенко (16319,0мың т), Еркінов (35230,0 мың т) көшелері асфальттанды.
Оған қосымша,  Ұлттық қордан және облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, бүгінгі таңда Сарбие ауылдық округі орталығында  4 көшеге (115,2 млн.теңге) асфальт төсеу жұмыстары аяқталып, Ш.Берсиев ауылдық округ орталығы Қаратал ауылында 2 көшеге (87,7 млн.теңге), Қараой ауылдық округінде 3 көшеге (112,6 млн.теңге) асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Келесі жылға Саралжын ауылдық округінде 4 көшенің, Қайыңды ауылдық округінде 3 көшенің, Көптоғай ауылдық округінде 4 көшенің орташа жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттары  дайындалуда.

«Жеріңнің аты – бабаңның хаты»
Ойыл ауданы — Ақтөбе облысының батысында орналасқан шалғай аудандардың бірі. Ақтөбе облысының Қобда, Темір және Байғанин аудандарымен шектеседі. Аудандағы 22 елді мекен 7 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы Ойыл ауылы. Аудан жерінен шығыстан батысқа қарай Ойыл өзені ағады.
Аудан Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ресми түрде 1867 жылы Орал облысының Қазбек болысында көктемде ашылған Көкжар жәрмеңкесімен аты республикаға танылды. Қазақстан бойынша 13 жәрмеңкеден ізі қалған, архитектурасы  сақталып, жойылмаған Көкжар сауда қатарлары мен патша үкіметіне дейін көрші жатқан мұсылман елдерінің саудагерлерінің ұйытқысы болған өңірде Көкжар мешіті діни ағартушылық бағытында жұмыс жасады. Төскейінде берекенің қазаны қайнаған, босағасына бақ пен береке ұялаған,мерекелі де берекелі Ұлы Жібек жолы тоғысқан әйгілі «Көкжар» жәрмеңкесінің ізі қалған, төкпе жырдың шешені ақын Шернияздың сөзі қалған, Қызыл әнші әнін салған, қазақтың тұңғыш балеринасы Нұрсұлу Тапалова сахнаның сәні болған, Шығанақ Берсиев ақ тарының атасы атанған, сынықшы әулие Сүлеймен атадан талай адам шипа алған, тоғыз жолдың торабы түйіскен.
Ойыл жерінде Тәуелсіздік алған жылдан бері ономастика саласы бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда.
Тәуелсіздік жылдары аудан бойынша 7 ауылдық округтің қазақша транскрипциясы өзгертіліп, мемлекеттік тілде аталды.
Аудан бойынша 149 көше бар, 106 көшеге жаңадан атау беріліп, мән мағынасы ескірген  көшелерге  Жамбыл, Шәкәрім, Абай сынды тарихи тұлғалардың есімдері берілді.
3 білім беру ұйымы Әнуар Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебі, Жақия Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі, Шәрбану Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясы болып қайта аталды.
Әр ай сайын Тіл туралы заңның жеке көрнекі ақпараттарда сақталуын бақылау мақсатында 7 ауылдық округте жұмысшы тобы жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Ата – бабаларымыз «Жер тарихы – ел тарихы»-деп  жер, су атауларына ерекше мән берген. Шын мәнінде елдің елдігін танытатын, халықтың болашағын айқындайтын ономастика саласы бойынша атқарылатын жұмыстар басты назарда болатыны сөзсіз.

Ойыл спорты өрлеген кезең
1989 жылы Орынбор қаласында өткен Халықаралық турнирдің күміс жүлдегері, 1990 жылы Жамбыл қаласында волейболдан өткен спартакиаданың қола жүлдегері, 1992 жылы Ойыл ауданының волейбол құрама командасы Ауыл жастары арасында Республикалық спартакиаданың  жеңімпаздары. Құрама командада: Пономарев Бакиев Берік, Сұлтанов Максот, Олжабаев Бауыржан, Каримов Әділбек, Төрешов Абылай, Үбниямов Жақсыгелді, Хасанов Қанат, Қосжанов Ерлік. 1981-1994 жылдары волейболдан облыс жеңімпаздары.
Ойыл балалар – жасөспірімдер спорт мектебі 2003 жылдан өз алдына жеке ғимаратқа көшіріліп жұмысын бастады. Алғашқы ұжым 6 адамнан құралды. 2010 жылы ескі авто ғимараты базы 120 млн теңгеге спорт мектебі болып қайта жөндеуден өткізілді. Жаңадан спорт түрлері ашылып, спорт түрлерінің саны 10-ға жетті. Оқуытушы-жаттықтырушылар саны — 22, кіші қызметкерлер саны 28-ге өсті. 2014 жылы мектеп териториясында 8 млн қаражатқа футбол алаңы 70*110 өлшемінде жабдықталды. 2015 жылы Бақаев көшесінен волейбол, футбол алаңдары және демалыс саябағы демеушілер көмегімен салынып берілді.
Ағаларымыздың ізін жалғастырып келе жатқан спортшылар: Нұрманов Жасұлан, Мұқашев Нұрлыжан, Дайрабаев Айбат, Мұқашев Нұрлан, Байдуллин Нүркен, Қайырбеков Нұрбол, Жақсылықов Ықылас, Қабдығалиев Шыңғыс, Тынысқалиев Төлеген, Бақдаулетов Рахат, Әбілқайыров Мағжан, Берікұлы Ерлан, Жұмағалиев Нұрсұлтан, Ақдәулет Адақ, Қабиев Тұрар жас волейболшылар жетістіктерге жетіп келеді.
2013 жылы Байғанин ауданында өткен «Ақбидай» ауыл спорт ойындарының волейболдан өткен жарыстың жеңімпазы, 2014 жылы Темір ауданында Облыстық V Халық ойындарының бас жүлдесін жеңіп алды. 2017 жылы Алға ауданында өткен «Ақбидай» ауыл спорт ойындарында волейболдан өткен жарыстың қола жүлдегері, 2018 жылы Қобда ауданында Облыстық VІ Халық ойындарының бас жүлдесін жеңіп алды. 2021 жылы Ақтөбе қаласында  өткен «Ақбидай» ауыл спорт ойындарының волейболдан өткен жарыстың жеңімпазы атанып, Ақтау қаласында «Ақбидай» Республикалық ауыл спорт ойындарында волейболдан жолдама алды. Қазақ күресінен І орын  Мұханбетов Бекзат, үстел теннисінен ІІІ орын Ешімов Нұрлан Ақтау қаласында «Ақбидай» Республикалық ауыл спорт ойындарында  жолдамаға ие болды.
2013 жылы Дүйсенғалиев Шаттық Малайзия елінде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Азия ойынында 2 алтын, 1күміс жүлдегері, 2014 жылы Біріккен Араб Әмірлігіктерінде Дубай қаласында үлкендер арасында Халықаралық Гран-При, Харажан турнирінде қола медаль иегері. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Спорт шебері атағына ие болды.
Мұқашев Ұлан қоян-қолтық ұрыстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2015 жылы Әлем чемпионаты Ресей Федерациясы Мәскеу қаласы күміс жүлдегері. 2019 жылы Санкт-Петербургте өткен ережесіз жекпе — жектен Әлем чемпионы атанды.
Мұханбетов Бекзат 2019 жылы Самбо күресінен Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 жылы самбо күресінен жасөспірімдер мен жастар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатында жеңімпазы. Өзбекстан мемлекеті, Ташкент қаласында өткен самбо күресінен Әлем чемпионатында  күміс жүлдеге ие болды. Дзюдо, қазақ күрестерінен спорт шеберлігіне үміткер, самбодан ҚР спорт шебері.
2005 жылы Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясына Туған жерге тағзым!» акциясы аясында шағын футбол алаңы салынып берілді.
2016 жылы Ойыл селосында Ойыл аграрлық колледж аумағында көлемі 20х40 шаршы метрді құрайтын шағын футбол алаңы, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінде 4 млн.теңгеге жасанды төсеніштегі шағын футбол алаңы жасақталды. 2017 жылы «Туған жерге тағзым!» акциясы аясында Сарбие ауылдық округінде мектеп түлектері 4 млн.теңгеге және Саралжын ауылдық округінен кәсіпкер Қабиев Асхат 8 млн. теңгеге жасанды төсеніштегі шағын футбол алаңдарын салып берілді.
2020 жылы жергілікті бюджеттен 24,5 млн.теңге бөлініп,  бүгінгі таңда 3 елді мекенде (Көптоғай а/о,  Сарбие а/о және Ақшатау) шағын футбол алаңдары  іске қосылды. Қайыңды ауылдық округінде жұмыстар жалғасуда. Жергілікті бюджеттен 2,5 млн теңге бөлініп, Қаракемер елді мекенінде шағын футбол алаңы салынып, пайдалануға берілді.
2020 жылы аудан орталығында  392,619 млн.теңгеге (РБ-353,891 млн.т; ОБ-24,728 млн.т, АБ-14,0 млн.т) бөлініп, дене шынықтыру сауықтыру кешені құрылысы 2021 жылы аяқталып, пайдалануға берілді.
Қысқы спорт түрлерін дамыту үшін хоккей корттарын орнату жоспарланған. Қазіргі таңда 2021 жылы жергілікті бюджеттен Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінен хоккей кортын салуға 1,5 млн.теңге, Қайыңды ауылдық округі, Көсембай елді мекеніне 1,5 млн.теңге қаражат бөлініп, орнату жұмыстары жүргізілуде. Шағын футбол алаңын салу үшін Ойыл ауылдық оеругі, Екпетал елді мекеніне 5 млн. 800 мың теңге, Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі, Құмжарған елді мекеніне 5 млн. 930 мың теңге, Қайыңды ауылдық округі, Көсембай елді мекеніне 5 млн. 710 мың теңге қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Серікбай ҚОЙБАҒАРОВ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар