ӘкімдікРухани жаңғыруСұхбат
БІРЛЕСКЕН КЕЗДЕСУ ОРТАҚ МІНДЕТТІҢ ОРАЙЫ
Өткен аптада Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінде аудан әкімінің орынбасары М.Айдарбаев, аудан әкімі аппаратының бас маманы Г.Ермағанбетова, аудан прокуратурасының прокуроры С.Мендібаев, аудандық ПБ-нің ЖПҚБ КТІЖ УПИ, полиция аға лейтенанты Н.Әділбеков, аудандық білім бөлімі басшысының уақытша мінждетін атқарушы Е.Бегалин, аудандық аурухананың психологы А.Длимова және жастар ресурстық орталығының басшысы Ж.Ізғаринаның қатысуымен жоғары сынып оқушыларына жастар арасында есірткі заттар пайдалану, қоғамдағы негізгі құндылықтар, құқық-бұзушылықтың себеп-салдары, балалар арасындағы суицид, буллинг, кибербуллинг тақырыбында кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыруды көздеген кездесуде жастарды қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға және құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеуге шақырды.