Әлеумет

АҚШАТАУ — САН АҢЫЗДЫҢ КУӘСІ

Ойыл музейі — музей қорын толықтыру мақсатында іздестіру, жинақтау және ғылыми бағытта зерттеу жұмыстарын аудан көлемінде ұйымдастырды.
Ғылыми қызметкер Дулат Бітімбайұлы Ақшатау елді мекенінен қазақ хандығы кезеңіне жататын XV-XVIII ғасырларға тән темір жебе ұшын 2012-2014 жылдары аралығында Ақшатау тауының аты аңыз болып қалған Марқай тауы биігінен кездейсоқ мал бағып жүрген сәтінде тауып алған Ақшатау ауылының тұрғыны Сәтжан Нұрлыбайұлымен кездесіп, өз шаңырағында сақтап келген ат әбзелдерінің бірі темір сулықтың жарты бөлігін және ең құнды темір жебе ұшын музей қорына тапсыруға қолдау білдірді. Ақшатау тауы аңызбен ақиқатқа толы табиғи өңір екенін тағы бір жәдігерімен дәлелдеді.

Related Articles

Back to top button