Әлеумет

КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕМІСІ

Ел Президенті халыққа жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру талабын қойды.
Өткен аптада «Кәсіпкер мен биліктің арасындағы алтын көпір» болып келе жатқан аудандық Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен аудан әкімі Асқар Қазыбаев пен аудан прокуроры Ақеділ Үсенов кәсіпкерлерді жеке қабылдау өткізді.
Барлық кәсіпкерлерді негізінен ауданның инфрақұрылымы мазалайды. Яғни, сапасы сын көтермейтін көлік жолы мен жөндеу жүргізіліп жатқан аймақтардағы мердігерлердің мардымсыз ісі де сауалдың арқауы. Сонымен қатар, кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау мәселесіне көбірек үміт артып отыр. Мәселен, «Еңсеген» АШӨК төрағасы Абат Еңсегенов суармалы егіске жер сұрап, оған «Бизнестің жол картасы» бағдарламасымен электр желісін тартуға көмек сұрады. Қаратал ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Назгүл Ешпанова былтырғы су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлік нысанының өтемақысын ала алмай жүргенін айтып, жүгінді.
Барлық мәселелер бойынша тиісті түсіндірулер беріліп, жекелеген өтініштер бақылауға алынды.

Related Articles

Back to top button