Ғасырдан асқан ардагер өз таңдауын жасады

Ғасырдан асқан ардагер Василий Грецкий Жаңа Ата Заңға байланысты өткен республикалық референдумде өз таңдауын жасады.
Ол 1924 жылы Белоруссияның Витебск облысындағы Полоцк қаласында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Хромтау қаласында тұрады. Облыс бойынша соғыстың соңғы солдаты саналады. Ұзақ ғұмырында талай тарихи кезеңдердің куәсі болған ардагер ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан тыс қалған жоқ.
Референдум күні сайлау комиссиясының мүшелері ардагердің үйіне арнайы барып, дауыс беру рәсімін ұйымдастырды. Василий Грецкий бюллетень алып, өз таңдауын жасап, жәшікке салды. Дауыс беру кезінде барлық талаптар толық сақталып, қажетті рәсімдер заңға сәйкес жүргізілді. Осындай маңызды күні ғасыр жасаған жауынгердің белсенділік танытуы көпшілікке үлгі болды.



