Денсаулық
Үлкен ұжымның үлесі
Биыл Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орай облыста «150 игі іс» атты қайырымдылық акциясы бастау алды. Алғашқылардың бірі болып Ойыл аудандық орталық аурухана ұжымы атсалысты.
Өткен жылы аудандық аурухана 6 жас маманмен толықты. Сол жастардың бастамасы басшылық тарапынан қолдау тауып, кеше қайырымдылық концерті өтті. Ойлары озық, қиялы ұшқыр жастардың концерті нағыз думанға айналды. Мың бұрала билеп, шалықтатып ән шырқаған олар әзілді де ұмытпады. Әсіресе, интермедиялық қойылымдар шынайы өнерге сусаған көрермендерді бір серпілтті. «Жастар жылын» осылай бастаған аудандық аурухананың қайырымдылық шарасына арнайы барған аудан әкімі Дастан Жарылқасынұлы оларға өз ризашылықтарын білдіріп, алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарын табыстады.
Р.S.
Ал, осы шарадан түскен қаражат бүгін учаскелік дәрігерлердің ұсынысымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған төрт отбасына табысталды.