ӘлеуметМәдениет

«Коворкинг» орталығы тұрғындарға тың мүмкіндік!

Тәуелсіздік күні қарсаныңда Ойыл аудандық орталық кітапханасында «Коворкинг» орталығының ашылу салтанаты өткізілді. Орталықтың ашылу рәсіміне Ойыл ауданы әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев, ішкі саясат мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің басшысының орынбасары Шамшырақ Жоламанова қатысып, жаңадан ашылған орталықтың жұмысымен танысты.
Онда кітапханашының жұмыс орны, оқу және ашық қор және іс – шаралар өткізу, IT – зона және жеке жұмыс істеу аймағы. Алғашқы аймақ —  кітапханашының жұмыс орны – интернетке қосылған компьютер, принтермен жабдықталған. Бұл жерде кітапханашы оқырмандарды тіркейді. Екінші аймағы – Оқу және ашық қор аймағы және іс – шараларды, дәрістер кино көрсетілімдерді өткізу аймағы. Бұл орталықта оқырмандарға ыңғайлы қызмет көрсету үшін кітапхана қоры арнайы кеңістікте орналысып жаңа келген кітаптарды оқуға зор мүмкіндік бар. 3 аймақ – комьютерлердің жұмыс аймағы, яғни – IT аймақ және кітаптармен материялдармен жеке жұмыс істеу аймағы. WI – FI желісі арқылы 4 ноутбук және 4 моноблок арқылы тегін интернет желісіне шығуға мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев кітапхана ардагелерімен оқырмандарын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, аймақтармен танысып, орталықтың жұмысына шығармашылық жетістіктер тілеп, атқарылған жұмыстарға жоғары баға берді.

А.Наурызова,
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры.

Басқа жаңалықтар