Басты тақырып

Сарбиеліктердің ертеңге сенімі зор

Өткен сәрсенбіде аудан әкімі Асқар Қазыбаев Сарбие ауылдық округінің тұрғындармен кездесу жиынын өткізді.

Алдымен Қаракөл елді мекенінде болған аудан әкімі ауыл тұрғындарына ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша бірінші жарты жылдықта атқарылған жұмыстар легіне тоқталды. Ойыл ауданының Батыс Қазақстан облысы, Атырау облысымен шектесетін шағын ауылдағы тұрғындардың тілегіне құлақ тосып, мал шаруашылығымен айналысып отырған ағайынға мемлекеттік бағдарламалардың барлық жеңілдіктерін түсіндірді. Ауыл шаруашылық техникаларын алу жолдарына бағыт-бағдар көрсетті. Қаракөлде ауыз су мәселесі шешілген. Ауыл тап-таза. Бастауыш мектепте ауылдың бірқатар тұрғындары ұстаздықтан кіші қызметкерлікке дейін қызмет етуде. Тұрғындардың дені малдың арқасында табыс көзін тауып отыр. Биыл Қаракөлге молынан келген табиғаттың сыйы бос көл табандарын суға толтырды. Бұл малдан бөлек құс бағам дегендерге үлкен мүмкіндік болмақ.

Әрі қарай жалғасақ, аудан басшысы тұрғындармен кездесуін Сарбие ауылдық округінде жалғастырды. Мұнда да әр сала бойынша ауданда атқарылған ауқымды жобалармен ауыл тұрғындарын хабардар етті. Сарбиеліктердің көкейтесті проблемаларының бірі жол, көгілдір отын мәселесі бойынша қазіргі таңда тиісті мекемелермен бірге қызу жұмыстанып жатқандығын жеткізді. Жол мәселесі бойынша, биыл Ойыл-Сарбие-Қараой бағытындағы көтерме жолды асьфалттау жұмыстары басталып кеткендігін айтты. Биыл аталған бағыттағы жолдың 15 шақырымы асфальтталады. Келесі жылы бұл жұмыстар жалғасын тауып, шалғайда жатқан округтер асьфалтталған жолдың игілігін көп ұзамай көретін болады деген сенім білдірді. Сарбиеліктердің де басты тілегі осы. Себебі «Жол азабын жүрген біледі», — демекші жолдың ауыртпалығы көктем мен қыс мезгілдерінде қиындап кететін айтпасада түсінікті еді. Сондай-ақ Сарбиедегі тұрғындар тарапынан қозғалған тағы бір мәселе округтен аудан орталығына қатынайтын такси қызметі яғни, жолақысы себепсіз көтерліп кеткен. Бұл жөнінде округ әкімі Дәурен Бисебаев бағаны тұрақтандырып, түсінік жұмыстарын жүргізетіндігін жеткізді. Айта кетсек, Сарбиеде мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, мал басын көбейтіп отырғандардың қатары көбейіп келеді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартып, мемлекеттің қолдауын тиімді пайдаланып, түрлі субсидиялар мен гранттар алуға әбден бейімделгенін байқауға болады.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл-Қаракөл-Сарбие-Ойыл.

Басқа жаңалықтар