Басты тақырыпМәдениет
«Әлемнің сыйы – әйелге!»
Ана – сұлулықты, жарасымдылықты, көріктілікті, барша игілікті бойына сіңірген тұлға. Дүниедегі сұлулық атауы күн нұрынан, әйел жанының ажарынан, ананың мейірімінен жаралған. Болашағын ойлаған ел ең алдымен әйелдерді ардақ тұтқан, ананы аялаған.Ана – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.
Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі «Ана» деп соқса, сондықтан мерекелік кештегі ықылас, құрмет аналарға арналды. Аудандық мәдениет үйінде «Әлемнің сыйы – әйелге!» атты мерекелік салтанатты жиында аудан әкімі Асқар Қазыбаев әйелдер қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, өзінің ізгі лебізін білдірді. Сонымен қатар, аналарға сый-сыяпаттар көрсетіліп, түрлі салада еңбектерімен көзге түсіп жүрген қыз-келіншектерге алдымен облыс әкімінің алғыс хатын табыстап, бір топ қыз-келіншекті өзінің алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ, Ойыл аудандық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Нұрбану Арыстанова мен «Мархабат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гүлсім Елекбаеваға Ойыл аудан-ының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды.
Салтанатты шара әрі қарай халықаралық әйелдер күні-не арналған жергілікті өн-ерпаздардың концерттік бағ-дарламасымен жалғасты.