ӘкімдікБасты тақырып

ЕСТЕК КЕТЕ РУЫНЫҢ ШЕЖІРЕСІН ТАРҚАТТЫ

Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейі Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім минстрлігі ғылым комитетінің «Жошы ұлысын зерделеу ғылыми институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан келген этнология докторы Азамат Рыскелдинді қабылдады.
Ойыл ауданының тарихын таныстыра отыра, ХVІІІ ғасырда Естек Кете руларының келуі, қоныс тепкен жерлері, көне қорымдары туралы жан-жақты мәліметтер берілді.
Сондай-ақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі орталығында Естек Кете руларының ұрпақтарымен кездесу өтті. Ойыл өңірінде тұрып жатқан естек руынан тараған азаматтар, өз ата бабаларының көне шежіресін тарқатты.
Естек Кете руларының қоныстанған және көне қорымдарын іздестіру бағытында бірқатар жұмыс жүргізілді. Ақшатау ауылының солтүстік батысында 30 шақырым жерде орналасқан «Әбіш» қорымы және Ұзынтамдағы Меңдібай Күмісбайұлының қорымы, Асан қорымына барып Естек Кете екені шежіреге сәйкес анықталды.

Басқа жаңалықтар