Әкімдік

Шиқұдыққа тұщы су берілді

Саралжын ауылдық округіне қарасты бұл ауылының аты Шиқұдық болғанымен тұрғындар осы күнге дейін кермек су тұтынып келген болатын. Осы мәселе ауыл тұрғындарының өтініші бойынша «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасын орындаудың Ойыл аудандық Жол картасына енгізіліп, жуырда блок-модульды су тазартқыш қондырғысы орнатылды.
257 тұрғыны бар шағын ауылды таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 9452 мың теңге бөлінген еді. Жуырда «Ақтөбе Мұнай Логистик» ЖШС-і блок –модулды орнатып, таза суды ел игілігіне ұсынды.
Бүгінгі күні Ойыл ауданы халқының 97 пайызы таза ауыз сумен қамтылып отыр. Алдағы күндері осы округтің Қоңырат ауылы мен Көптоғай ауылдық округінің Қарасу ауылдарында да осындай кешендер іске қосылады.

Басқа жаңалықтар