Әлеумет

Мал азығын дайындау және жылу беру маусымына дайындық!

Қазіргі таңда ауданымызда мал азығын дайындау және оны тасымалдау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осындай қарбалас кезеңде шаруа қожалықтары мен әрбір мал ұстаушы азамат, мал азығын (шөп) дайындау және дайындалған пішенді баз бастарына және аулаларына тасымалдау ісіне үлкен жауапкершілікпен қарағандары абзал. Олай дейтін себебіміз, мал азығын дайындау кезінде өрт қауіпсіздігінің ережелерімен талаптарын сақтау мәселесіне және жұмысқа жұмылдырылған барлық техникалар өрт қауіпсіздік ережелеріне сәйкестендіріліп, жұмысшыларды өртке қарсы нұсқамадан өткізуге үлкен жауапкершілікпен қарамаса, еңбектің еш кететіндігін айтып жату артық шығар. Оның соңы зор шығын.

Сондықтан, мал азығын дайындау кезінде өрт қауіпсіздігін шараларын қатаң сақтау керек екендігін тұрғындардың есіне саламыз. Атап айтқанда олар мыналар: жұмылдырылатын техникаларды жарақты өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету, ірi жемшөптердi тасымалдауға арналған көлiк құралдары екi ұнтақты өрт сөндiргiшпен қосымша жабдықтау, агрегатта және оның айналасында темекі тартуға тыйым салу, тракторлар мен автомобильдердің ұшқын сөндіргіштермен және өрт сөндіргіштермен жабдықталуы, электр-газ дәнекерлегішін қолдана отырып, жөндеу жұмыстарын арнаулы орындарда жүргізу, ірi жемшөптердi жинау биiктiгi жер деңгейiнен 4 метрден аспайтындай етiп жинау, ірi жемшөптерді тасымалдау арнайы жабдықталған көлiк құралымен жүзеге асыру қажет, олардың пайдаланылған құбырлары радиатордың астына шығарылады және ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады, тұрғын үйлердiң қожалық учаскелерiнде ірі жемшөптердi жинау ғимараттарға және аула алдындағы құрылыстарға дейiн кемiнде 15 метр қашықтықта жинау.

Жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан ауданымызда 2018 жылдың тамыз айынан бастап тұрғын секторда қора–жайлар мен мал азығының өртену дерегінің 9 жағдайы тіркелді.

Жылу беру маусымында да өрт оқиғасымен өрттен тараған көмір қышқыл газының улы екендігі айтылып, жазылғанымен әліде болса немқұрайлықпен қараудамыз. Атап айтсақ, 2018-2019 жылдың жылу беру маусымында ауданымызда тұрғын үйлердің өртену дерегінің 5 жағдайы тіркелді. Тұншықтырғыш газбен (угарный газ) уланудың 2 жағдайы тіркеліп, 3 ересек адам, 2 бала зардап шекті. Сондықтан, алдымыздағы жылу беру маусымында аталған жағдайларды болдырмаудың мүмкіндіктерін жасап отыруға тиіспіз.

Сондықтан да аудан тұрғындарының назарына жылу беру маусымы алдында орындалуы тиіс талаптарын ұсынамыз:

  1. Жылу беру маусымын алдында пештер мен түтіндіктерді күйеден тазарту керек, жылу пештері үш айда бір рет, үздіксіз қозғалыстағы ошақ пен пештер екі айда бір рет, үздіксіз жағылатын ас үй плиталары мен басқа пештер айына бір рет тазартылуы тиіс.
  2. Қатты отынмен жұмыс істейтін пештерінде алдына 0,5 х 0,7 м кем болмайтын өлшемдегі металмен қорғалған болуы тиіс.
  3. Тұрғын үйлеріңізді бір өрт сөндіргіштермен қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз, бұл өрт оқиғасы болған кезде тез әрекет етіп, өртті сөндіруге көмегін береді, сонымен бірге өзіңіздің және туыстарыңыздың қауіпсіздігі үшін тұрғын үйлеріңізде тұншықтырғыш және табиғи газдың шығуын анықтайтын датчиктерді орнату қажет.

Біз жоғарыда мал азығын дауындау кезеңінде және алдымыздағы жылу беру маусымында қарапайым өрт қауіпсіздігі ережесінің талаптарын келтірдік. Сондықтан ауданымыздың әрбір тұрғынына өрттерден түрлі зардаптар келмес үшін, сақтық шараларын орындау кезек күттірмейтін мәселе екендігін ескерткіміз келеді.

Ойыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

Басқа жаңалықтар