Әлеумет

«Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» 176 адамға жолдама берді

Өткен аптада Ойыл ауданының орталығы Ойыл селосында  «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушыларына және барша тұрғындарға арналған «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» өтті. Осы шараны Ойыл аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдастырды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы тұрғындардың ақпараттандырылу деңгейін арттыру және қызметтерді электрондық түрде көрсетуді өзектендіру, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін консультативті-әдістемелік көмек беруді қамтамасыз етуді көзеген жәрмеңкеде мекеме басшылары жұмыс орындары туралы мәліметтер беріп, жұмыс іздеуші адамдармен сұхбат жүргізді, жұмысқа қабылдау тәртіптерін түсіндірді. Сонымен қатар жәрмеңкеге қатысушылар жастар тәжірибиесі және әлеуметтік жұмыс орындары жайлы мәліметтер алды,жұмыссыз азаматтар анкеталар толтырды. Аталмыш жәрмеңкеге аудандық мемлекеттік және жекеменшік кәсіпорындар қатысты. Жәрмеңкеге жұмыс іздеп жүрген кез-келген азамат қатысуға құқылы.Жәрмеңкеге барлығы 253 адам қатысты. Оның ішінде 176 адамға маусымдық жұмысқа жолдама берілді. Атап айтсақ, киім ілуші 39 адамға, от жағушы 122 адамға, және де басқа мамандықтар бойынша 15 адамға жолдамалар ұсынылды.

Асел СИСЕНОВА,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар