Әлеумет

Жарқын қабылдау

8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында аудан әкімі Асқар Қазыбаев аналармен жарқын қабылдау өткізді. Қабылдау аясында аналарды шуақты мерекелерімен құттықтап, Майра Тнеева мен Бағдат Мұхановаларға ҚР Президентінің жарлығымен берілген «Күміс алқа» медалін, аудандық жер қатынастары бөлімінің жетекші маманы Анаргүл Бисеноваға Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсенбайдың алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ, аудан әкімінің қабылдауында болған аналарға мерекелік сыйлықтар ұсынды.

Басқа жаңалықтар