ӘкімдікБасты тақырыпСпорт

КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРГЕ

ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Үндістанның астанасы Нью-Дели қаласында өткен гір спортынан әлем чемпионатында 63 салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болған жерлесіміз Айтқали Балтабаевты аудан әкімі Асқар Қазыбаев қабылдап, құрмет көрсетті. Қабылдауда аудан әкімі спортшыны әлемдік деңгейдегі жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта жастарға үлгі болып, аудан мерейін асқақтата беруіне тілектестігін білдірді. Сондай-ақ, Ойыл ауданының 100 жылдығына арналған естелік сыйлығын, 100000 теңге сертификат табыстады. Ойыл аудандық мәслихатының хатшысы Сәкен Займолдин де құрмет көрсетіп, алғыс хаты мен ақшалай сыйлығын ұсынды.
Әрі қарай, Ойыл дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде жас спортшылармен және жаттықтырушылармен кездесіп, шеберлік сағатын өткізді. Әлем чемпионатының күміс жүлдегерімен кездесу барысында чемпионға ыстық ықылас пен қошемет білдіріп, жас спортшылар шеберлік сағатына белсенділікпен қатысты. Гір спортының қыр сырын жетік меңгерген спортшы өз тәжірибесімен бөлісе отырып, заңдылықтарын түсіндірді.
-«Құрметті ауылдастар, шын жүректен құрмет көрсетіп жатқандарыңызға алғыс білдіремін. Қазіргі таңда жастарға мүмкіндіктер көп жасалған, соны тек толыққанды қолдана білуі керек деп ойлаймын. Еңбек етіңіздер, сауатты болыңыздар. Сонда ғана бәрі болады»,- деп барша спортшыларға ең бастысы денсаулық керек екенін, ал жеңіс тынымсыз еңбекпен, шелектеп төгілген термен келетінін тілге тиек етті.
Г.АБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар