Білім

«Таза мінсіз асыл сөз» жас шешендер шеберлігін сынады

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және Ойыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесімен ұйымдастырылған оқушылар арасында ұйымдастырылған байқау өткізілді. Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аясында жас дарынды балаларды тауып, шешендік өнерлерін дамытуға үлес қосу мақсатында өткен байқауға әр мектептен 7-8 сынып аралығындағы тіл байлығы жоғары, шешендік өнері, суырып салма ақындығы бар 1 оқушыдан қатысты. Байқау 3 бөлімнен тұрды. Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар 3 орын және алғыс хаттармен марапатталды. Оның ішінде 3-ші орында Қаракемер мектеп-балабақшасы оқушысы Назерке Елемесова еншілесе, 2-ші орында Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназия оқушысы Ғазиза Аманғалиева иеленді. Ш.Берсиев атындағы орта мектеп оқушысы Еңлікгүл Шоқанқызы бас жүлдені жеңіп алды.

Басқа жаңалықтар