ӘлеуметРухани жаңғыру

«Бір мемлекеттік қызметші – бір тал»

Мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру мақсатында өткен сенбіде село орталығында «Бір мемлекеттік қызметші – бір тал» акциясы өтті. Әр салада қызмет етіп жүрген 109 мемлекеттік қызметкер ауданның кіреберісіне 306 тал көшеттерін отырғызды. Қашанда көктемгі, күзгі тазалық айлықтары мен аймақты абаттандыру жұмыстарында белсенділік танытып жүрген мемлекеттік қызметкерлер көшет отырғызу жұмыстарын тиянақты атқарды. Жаңадан жерсінген желектерді суарып, айналасындағы арам шөптерін тазалады. Бұл шара Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Өзгерістерді өзіңнен баста!» жобасына әрбір мемлекеттік қызметшінің қосқан жеке үлесі болды.

Басқа жаңалықтар