Әлеумет

Әжелер арқау болған шара

Ақтөбе қаласындағы Ойыл ауданының күндеріне аудандағы «Ақ әже» клубының мүшелері «Ақ орамал» акциясы аясында атсалысты. Онда жас босанған жерлесіміз Әсемгүл Наурызбаеваға, одан бөлек Аменшина, Нұрсейітоваларға ақ орамал тағып, баланың бауы берік болсын, халқына қалаулы, еліне елеулі болып ер жетсін деген ерекше тілектерін жеткізді. Перзентханадан үйлеріне асыққан келіншектер мұндай сәтті күтпеген еді. Әйтсе де ақ жаулықты әжелеріне келіндік ілтипат білдіріп, бас иді. Бұл біздің ойылдық әжелеріміздің өнегелі істерінің бірегейі. Өйткені аудандағы «Жас келіндер» клубына үлгі көрсетіп, немере тәрбиелеп отырған да осы әжелеріміз.

Басқа жаңалықтар